date

Филиппинде қатты жер сілкінісі құрбандарының саны 30-ға жетті

Филиппинде қатты жер сілкінісі құрбандарының саны 30-ға жетті

Филиппинде болған 6,9 балдық жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 30 адамға жетті, деп хабарлайды ABS-CBN News. Ресми мәлімет бойынша, апаттан зардап шеккендердің арасында 37 азамат түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған.

Төтенше жағдайлар орталығының хабарлауынша, қаза тапқандардың денелері Себу провинциясындағы Бого қалалық ауруханасына жеткізілуде. Оқиғадан кейін елде төтенше жағдай режимі күшейтілді.

Деректерге қарағанда, жер сілкінісі Сан-Ремиджио муниципалитетіндегі спорттық-сауықтыру кешенінің құлауына себеп болған. Жергілікті тұрғындардың бір бөлігі қирандылар астында қалғаны айтылады. Қазіргі уақытта құтқарушылар ауқымды іздестіру және эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мамандардың айтуынша, бұл жер сілкінісі аймақ үшін соңғы жылдары байқалған ең күшті дүмпулердің бірі болды. Үкімет зардап шеккендердің отбасына көңіл айтып, зардап шеккендерге қажетті медициналық және материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, іздестіру-құтқару үдерісі әлі де жалғасып жатқандықтан, қаза тапқандар саны тағы да артады деген қауіп те айтылуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Филиппинде қатты жер сілкінісі құрбандарының саны 30-ға жетті