date

Чикунгунья безгегі бүкіл әлемге тез таралуда

Чикунгунья безгегі бүкіл әлемге тез таралуда

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 2025 жылдың басынан бері әлемде чикунгунья безгегімен ауыру жағдайлары күрт өскенін мәлімдеді. Ұйымның хабарлауынша, биылғы науқастар саны 445 мыңнан асып, аурудан 155 адам қайтыс болған.

ДДСҰ мамандары чикунгунья вирусының әлем бойынша одан әрі кең таралу ықтималдығын жоғары деп бағалап отыр. Ауру осы уақытқа дейін кем дегенде 40 елде тіркелген.

2025 жылы безгек әсіресе Америка құрлығында тез таралды - 100 329 расталған және 228 591 болжамды жағдай анықталды, 115 адам қайтыс болды. Еуропада 56 456 жағдай тіркелді, оның 40-ы өліммен аяқталды. Оңтүстік-Шығыс Азияда 3 420 расталған және 21 299 болжамды жағдай тіркелген.

Чикунгунья - қызбамен, буын және бұлшықет ауруымен, бөртпемен және шаршаумен жүретін безгектің бір түрі. Аурудың тасымалдаушылары Aedes aegypti және Aedes albopictus түрлеріне жататын масалар болып табылады, олар Денге безгегі вирусын да таратуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Чикунгунья безгегі бүкіл әлемге тез таралуда