date

Қырғызстан астанасын Манасқа көшіруі мүмкін

Қырғызстан астанасын Манасқа көшіруі мүмкін

Қырғызстанда ел астанасын көшіру мәселесі тағы да күн тәртібіне шықты. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев бұл идеяны жоққа шығармады және болашақта Манас қаласы мемлекеттік орталыққа айналу ықтималдығын айтты.

Ташиевтің айтуынша, 2026 жылы Манасқа республикалық маңызы бар үшінші қала мәртебесін беру жоспарланған. Оның айтуынша, бұл шешім стратегиялық тұрғыдан дұрыс және елдің болашақ дамуы үшін маңызды.

"Көпшілік "Манас астана болады" деп айтып жатыр. Егер біз бұл шешімді жүзеге асыруға лайықты болсақ - неге жоқ? Бірақ астана болу тек атақ қана емес, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қала да, халық та бұл міндетке дайын болуы керек - экономикалық, инфрақұрылымдық және рухани тұрғыдан," - деді Ташиев.

Ақпарат үшін, соңғы айларда Манаста құрылыс және инфрақұрылым жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жаңа әкімшілік ғимараттар, жолдар мен әлеуметтік нысандар салынып жатқаны айтылады.

Естеріңізге сала кетейік, Жалалабад қаласының атауы 17 сентябрьде ресми түрде Манас деп өзгертілді, бұл елде жаңа бастаманың символы ретінде қабылданды.

Сарапшылардың пікірінше, егер Манас астана мәртебесін алса, бұл Қырғызстанның экономикалық және саяси орталығын қайта қалыптастыруы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Қырғызстан астанасын Манасқа көшіруі мүмкін