date

Әлемде бір бөлмелі үйді жалға алу бағасы ең қымбат қалалар белгілі болды

Әлемде бір бөлмелі үйді жалға алу бағасы ең қымбат қалалар белгілі болды

Әлемдік тұрғын үй нарығында жалдау бағасы жыл сайын өсіп келеді. Атап айтқанда, 2025 жылы бұл өсім әсіресе ірі экономикалық орталықтарда айқын байқалды. Сарапшылардың мәліметінше, биыл әлемде бір бөлмелі пәтерді жалға алу ең қымбат қалалар ретінде Лондон мен Сингапур аталды.

РИА Новости хабарлағандай, үстіміздегі жылдың сентябрь айында осы екі қалада бір бөлмені жалға алу бағасы айына орта есеппен 2700 долларға тең болған. Лондонда кейбір орталық аудандарда бұл баға 3100 долларға дейін жеткен.

Мамандардың айтуынша, тұрғын үйді жалға алу бағасының күрт өсуіне бірнеше фактор себеп болған - халық санының өсуі, көші-қон үдерістері, құрылыс материалдарының қымбаттауы және инвестициялық нарықтағы белсенділіктің артуы.

Талдау нәтижелері бойынша, 2025 жылы ең жоғары жалдау ақысы бар топ-10 қала төмендегідей:

1.Лондон, Ұлыбритания - $2800

2.Сингапур - ~$2700

3.Вашингтон, АҚШ - $2300

4.Амстердам, Нидерланды - $2250

5.Дублин, Ирландия - 2200$

6.Рейкьявик, Исландия - $2160

7.Люксембург - $2000

8.Гонконг, Қытай - $2000

9.Берн, Швейцария - $1800

10.Копенгаген, Дания - $1750

Сарапшылардың пікірінше, Еуропа мен Азияның ірі қалаларында жалға беру бағасы сұраныстан ғана емес, өмір сүру деңгейі, инфрақұрылым мен қызмет көрсету сапасына да байланысты. Мысалы, Лондон мен Сингапур тек экономикалық орталықтар ғана емес, сонымен қатар халықаралық қаржы орталықтары ретінде де жоғары сұранысқа ие.

Сонымен қатар, тұрғын үй бағасының өсуіне байланысты көптеген елдерде жалдау нарығында бәсекелестік күшейді. Кейбір елдер жалға алу бағасын реттеу немесе жалға алушыларды қорғау үшін жаңа заңдар әзірлеуді бастады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Әлемде бір бөлмелі үйді жалға алу бағасы ең қымбат қалалар белгілі болды