date

Париждегі Лувр мұражайында қымбат әшекейлер ұрланды

Париждегі Лувр мұражайында қымбат әшекейлер ұрланды

Бүгін Париждің әйгілі Лувр мұражайында күрделі ұрлық болды. Мәліметтерге қарағанда, Наполеон мен император Жозефинаға тиесілі асыл бұйымдар коллекциясынан тоғыз бұйым жоғалған.

Франция Мәдениет министрі Рашида Дати әлеуметтік желідегі парақшасында оқиға туралы былай деп жазды:

"Бүгін таңертең, Луврдың ашылуы кезінде ұрлық болды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазір мен мұражай қызметкерлерімен және полициямен оқиға орнындамын."

Лувр әкімшілігі 19 қазанда мұражайдың "төтенше жағдайға" байланысты уақытша жабылғанын ресми түрде мәлімдеді. Le Parisien басылымының жазуынша, ұрылар жөндеу жұмыстарын пайдаланып, жүк лифті арқылы ғимаратқа кірген. Содан кейін олар терезелер мен есіктерді сындырып, Аполлон галереясына жетті.

Тергеу мәліметінше, оқиға өте тез - небәрі жеті минуттың ішінде болған. Ұрылар тоған, маржан, жиға және тиараны қамтитын тоғыз бағалы затты алып кеткен.

Қазіргі уақытта мұражай мамандары инвентаризация жүргізіп, жоғалған заттардың нақты тізімін жасауда. Полиция Париж тарихындағы ең құпия мәдени ұрлықтардың біріне қатысты тергеуді бастады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Париждегі Лувр мұражайында қымбат әшекейлер ұрланды