date

Израиль Газаның солтүстігіне тағы әуе соққысын жасады

Израиль Газаның солтүстігіне тағы әуе соққысын жасады

Израиль әскері тағы да Газа секторы аумағын нысанаға алды. Армия мәліметінше, соққы солтүстіктегі Бәйт Лахия қаласында жасалған.

Бұл туралы Израиль армиясының баспасөз хатшысы әлеуметтік желілер арқылы мәлімдеді. Ресми түсініктемеде шабуыл Израильге қарсы шұғыл жасалуы мүмкін шабуылдарға дайындалған нысанға бағытталғаны айтылған.

Армияның мәлімдемесіне қарағанда, соққы салдарынан қару-жарақ пен әуе шабуылына арналған жабдық сақталған нысан жойылды.

Израиль тарапы бұл әрекетті ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарасы ретінде түсіндірді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Израиль Газаның солтүстігіне тағы әуе соққысын жасады