date

Австралия жағалауынан 100-жылдық солдат хаты табылды

Австралия жағалауынан 100-жылдық солдат хаты табылды

Австралия жағалауында жүргізілген зерттеу кезінде Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде жазылған жауынгерлердің хаты бар шыны табылды.

Хат 1916 жылдың 15 тамызына тиесілі, оны 27 жастағы Малкольм Невилл мен 37 жастағы Уильям Харли жазған. Олар сол кезде австралиялық әскери тұтқындарды Еуропаға алып бара жатқан HMAT A70 Ballarat көлік кемесінде қызмет еткен.

Хатта теңізшілер бірге өткізген өмірлері, жол бойында бастан кешкен оқиғалары туралы жазып, ата-аналарынан олар үшін артық қам жемеуін сұрайды.

Табылған олжаны Браун отбасы кездейсоқ жағажайды тазалау кезінде ашқан. Отбасының өкілі Деб Браунның айтуынша, шыны бір ғасырдан астам уақыт бойы құм астында жатып, судың әсеріне мүлдем ұшырамаған.

"Біз жағажайды жиі тазалаймыз, бірақ мұндай олжа күтпеген жерден табылды. Ол кішкентай, бірақ тарихи маңызы бар шыны болды," - деді Деб Браун.

Зерттеушілер хатты "тарихтың тірі куәгері" деп атайды. Өйткені жазбаларда сол кездегі сарбаздардың адами сезімдері, сағыныштары мен үміттері көрініс тапқан.

Невилл 1917 жылы шайқаста қаза тапты, ал Харли екі рет жараланғанына қарамастан соғыстан аман қалды. Бірақ 1934 жылы Аделаида қаласында қатерлі ісіктен қайтыс болды. Оның жақындары бұл ауруды "соғыс кезінде окоптарда жұтылған улы газбен" байланыстырды.

Тарихшылар бұл олжаны ХХ ғасыр басындағы әскери теңізшілердің психологиялық жағдайын түсінуде маңызды дереккөз ретінде бағалайды. Хат қазір Австралияның әскери тарихы мұражайында сақтаулы.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Австралия жағалауынан 100-жылдық солдат хаты табылды