date

Shkoda Қазақстанда темір жол өндірісін жолға қояды


Өзбекстан чехиялық ірі инженерлік компания – Shkoda Group үшін маңызды әріптеске айналуда. Компания Өзбекстанда темір жол көліктерін құрастыру бойынша өндірістік кәсіпорын құру жоспарын жариялады.

Бұл шешім Shkoda Group-тың Орталық Азиядағы перспективалы нарықты игеруге бағытталған ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігі ретінде қабылданды. Жаңа кәсіпорын Shkoda Group-тың Өзбекстандағы еншілес компаниясы ретінде жұмыс істеп, тек құрастыру үдерісімен шектелмейді.

Ол қозғалыс құрамына бүкіл пайдалану кезеңінде кешенді техникалық қызмет көрсетуді де жүзеге асырады. Сондай-ақ, жоба аясында арнайы құрылатын "Shkoda Академиясы" арқылы жергілікті мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру да маңызды міндеттердің бірі болмақ.

Shkoda Group бас директоры Петр Новотныйдың айтуынша, Орталық Азия өңірі көптен бері компания бизнес стратегиясындағы басым бағыттардың бірі саналады. Оның сөзінше, Өзбекстан басшылығы мен Еуропа бизнесінің жетекшілері арасындағы жоғары деңгейдегі диалогтар Еуропа технологиялары елдің көлік инфрақұрылымын орнықты дамытуға зор үлес қоса алатынын растады.

Аталған жоба Брюссельде өткен кездесуде белгіленген уағдаластықтар негізінде жүзеге асырылуда. Кездесуге Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Еуропаның жетекші компанияларының өкілдері, соның ішінде Петр Новотный да қатысқан еді.

Келіссөздер екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қызығушылық бар екенін растады. Сонымен бірге, бұл Shkoda бренді үшін Өзбекстандағы алғашқы ірі жоба емес.

2020 жылы "Өзавтосаноат" пен "Volkswagen Group Rus" концерні арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалған еді. Осы келісім Жизақ автомобиль зауытында Volkswagen және Shkoda автомобильдерін өндіруге жол ашты.

Кейінірек Shkoda Auto-ның бұрынғы басқарма төрағасы Томаш Шефер де Өзбекстанда шығарылатын модельдер түрін кеңейтуге ниетті екенін білдірген. Темір жол саласындағы жаңа жоба бар ынтымақтастықтың қисынды жалғасы болып табылады.

Бұған дейін "Өзбекстан темір жолдары" қажеттіліктері үшін 30 Shkoda Group электр пойызын жеткізу туралы 320 миллион еуро көлеміндегі келісімшарт жасалған болатын.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Shkoda Қазақстанда темір жол өндірісін жолға қояды