date

Аюлардың шабуылы күшейді: Жапон әскері шайқасқа дайын!

Аюлардың шабуылы күшейді: Жапон әскері шайқасқа дайын!

Жапонияның солтүстік аймақтарында аюлардың шабуылы күрт көбейгендіктен үкімет әскерді жұмылдырды. Associated Press мәліметінше, сәуір айынан бері аюлар ондаған адамға шабуыл жасап, 12 адам қаза тапқан.

Үкімет статистикасына сәйкес, жыл басынан бері халыққа жақын жерлерде 8 мыңнан астам аю пайда болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда алты есе көп. Ең қиын жағдай Акита префектурасында байқалады - тұрғындар кешке үйден шығуға қорқады, ал орман жолдары бос.

Премьер-министр Санаэ Такаити армияны азаматтық қызметтерге көмектесу үшін жұмылдыруға шешім қабылдады. Әскерилер қаруланбаған - олар қалқан, тор және арнайы спрейлерді пайдаланады. Олардың міндеті - тұзақ құру, аңдарды ұстау және аңшыларға көмектесу.

Мамандар аюлардың шабуылдарының көбеюін климаттың өзгеруімен және азық-түлік тапшылығымен түсіндіреді. Адам саны азайып бара жатқан ауылдық жерлерге жануарлар жақындап келеді, ал аңшылар санының азаюы бұл мәселені одан әрі тереңдете түседі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Аюлардың шабуылы күшейді: Жапон әскері шайқасқа дайын!