
Түркия соты Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды, қорғаныс министрі Израиль Касты, ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирді, Израиль армиясының басшысы генерал Эйол Замирді және теңіз күштерінің қолбасшысы Давид Саламаны қамауға алуға ордер берді. Бұл туралы Стамбул прокуратурасының мәлімдемесіне сүйеніп, Анадолу хабарлады.
Мәліметтерге қарағанда, 2023 жылдан бері Газадағы әскери қимылдар кезінде "жүйелі түрде жасалған геноцид және адамзатқа қарсы қылмыстар" бойынша айыпталған 37 адамға айып тағылған.
Мәлімдемеде айтылғандай, айыптауларға негіз болған жағдайлар қатарында 6 жасар Хинд Раджабтың израильдік сарбаздар тарапынан өлтірілуі, 2023 жылдың 17 октябрінде "Әл-Ахли" баптистік ауруханасына жасалған шабуылдан 500 адамның қаза табуы, сондай-ақ 2024 жылдың 29 февралында медициналық құрал-жабдықтардың әдейі талқандалуы және 2025 жылдың 21 мартында Түркия-Палестина достық ауруханасының бомбалануы сияқты жағдайлар келтірілген.
Сондай-ақ прокуратура Газаның толық блокталғанын және зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуге кедергі келтірілгенін атап өтті.
Түркия билігі бұл шешімді "адамзаттың ар-намысын қорғау жолындағы заңды қадам" деп бағалап отыр. Сонымен қатар, Израиль үкіметі айыптауларға жауап ретінде әлі ресми түсініктеме берген жоқ.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!