
Оңтүстік Африкада өтетін кезекті G20 саммитінде дәстүрлі құрамнан күрт өзгеше жағдай байқалады. Қытай Сыртқы істер министрлігінің 13 ноябрь күні хабарлауынша, ел атынан саммитке мемлекет басшысы Си Цзиньпин емес, мемлекеттік кеңес премьер-министрі Ли Сян қатысады.
Хабарланғандай, ОАР үкіметінің ресми шақыруына орай Ли Сянь 21-23 ноябрь күндері Йоханнесбург қаласында өтетін "Жиырмалық тобы" саммитіне Бейжің атынан қатысады. Бұл оның G20 сахнасындағы екінші қатысуы: өткен жылы Нью-Делиде өткен саммитте де Қытай делегациясын басқарған.
Дегенмен, биылғы кездесудің ең назар аударарлық тұсы - 2008 жылдан бері алғаш рет G20-ның үш ірі қатысушы мемлекет басшыларының қатысуынсыз өтіп отыр. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин саммитке қатысудан бас тартты.
Трамп бұған Оңтүстік Африка үкіметінің "мүлдем нашар саясат" жүргізуі себеп болатынын айтты және АҚШ бұл саммитке мүлдем қатыспайтынын мәлімдеді. Оның алдында Сирил Рамафоса Ақ үйге сапары барысында Трамп оны Оңтүстік Африка Республикасында "ақ нәсілді фермерлерді жаппай өлтірді" деп айыптап, қатаң мәлімдеме жасағаны да есте.
Мәскеу тарапынан Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің саммитке жеке өзі бармайтынын, бірақ Ресей делегациясы "қажетті деңгейде" қатысатынын мәлімдеді.
Осылайша, Йоханнесбург саммиті жаһандық саяси сахнадағы көшбасшылар алмасуын, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың жаңа динамикасы мен үлкен күштер форматының өзгеріп жатқанын тағы бір рет көрсетеді.
Ли Сянның саммитке қатысуы Бейжіңнің жаһандық диалогтағы ұстанымын сақтап, экономикалық және геосаяси байланыстарға тұрақты қатысуды жалғастыру ниетін көрсетеді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.