date

Әлемнің ең "ақылды" 7 қаласы анықталды

Әлемнің ең "ақылды" 7 қаласы анықталды

Инновацияға бағытталған инвестиция бүгінде жаһандық бәсекеде ең үлкен артықшылыққа айналуда. 2025 жылғы жағдай бойынша Interesting Engineering әлемдегі ең "ақылды" деп бағаланған жеті қаланың тізімін жариялады. Рейтинг Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Жаһандық инновациялар индексіне сүйене отырып, Сан-Францискодан Шэньчжэньге дейінгі жүз технологиялық орталықты қамтиды. Бұл аймақтар әлемдегі барлық патенттік және венчурлық инвестициялардың 70 пайыздан астамын біріктіреді, деп хабарлады басылым.

1. Цюрих (Швейцария)

Цюрихтің "ақылды қала" ретіндегі жетістігі 2018 жылы іске қосылған Smart City Zürich стратегиясына негізделген. Цифрлық экожүйе көлік, энергетика және инфрақұрылымды біріктіріп, ZVV қосымшасы арқылы автобус, пойыз және электросамокаттарды бір желіге қосуға көмектеседі. Кәсіпорындардан шығатын жылу ресурсы ретінде қайта пайдалану қаланың тұрақты моделін құруға қызмет етеді.

2.Осло (Норвегия)

Осло 2019 жылдан бері экологиялық және инклюзивті даму бойынша AAA бағалауын сақтап, "Еуропаның жасыл астанасы" ретінде танылды. Қала энергияның 60 пайызын гидроэлектр көздері арқылы қамтамасыз етеді. Oslo Toll Ring жүйесі қалдықтары аз көлікті ынталандырып, алымдарды толығымен "жасыл" жобаларға бағыттайды.

3.Женева (Швейцария)

Женева қайтадан AAA рейтингіне ие болып, Smart Canton бағдарламасы аясында цифрлық инфрақұрылымды терең жаңғыртуда. LoRaWAN желісі арқылы экологиялық көрсеткіштер мониторингі және энергия тиімділігін арттыру үдерістері жүзеге асырылуда. Қала білім беру, қатысу және жасыл аймақтар бойынша да көшбасшылар қатарында.

4. Дубай (БАӘ)

Дубай 2025 жылғы Smart City индексінде 12-орыннан төртінші орынға көтеріліп, қарқынды өзгерістерге қол жеткізді. Қала жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар арқылы "ең бақытты және ең ақылды қала" деңгейіне жетуді мақсат етеді. DEWA Smart Grid және Dubai Silicon Oasis сияқты жобалар энергетикалық тиімділікті жаңа деңгейге шығаруда.

5.Абу-Даби (БАӘ)

Абу-Даби оныншы орыннан бесінші орынға көтеріліп, аймақтың инновациялық орталығына айналды. 2024 жылы іске қосылған Zayed Smart City жобасы жасанды интеллект негізінде қаланы басқаруды оңтайландырады. Электромобильдер, гибридтер және зарядтау желісі Тұрақты энергетика стратегиясының негізі болып табылады.

Лондон (Ұлыбритания)

Лондон тұрақты қалалық дамуда congestion charge, байланыссыз төлемдер және төмен эмиссиялық аймақтар сияқты бастамалармен алға шықты. 2025 жылға дейін метрода 4G және 5G толық қамтуды жолға қою жоспарлануда.

7.Копенгаген (Дания)

Копенгаген 2025 жылғы рейтингте жетінші орынды иеленіп, 2009 жылы белгіленген - әлемдегі бірінші көміртексіз қалаға айналу мақсатына жақындап келеді. Тұрғындардың 62 пайызы күн сайын 400 км велосипед жолақтарын пайдаланатыны қаланың тұрақтылық мәдениетін айқын көрсетеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Әлемнің ең "ақылды" 7 қаласы анықталды