date

Вьетнамда су тасқыны 55 адамның өмірін қиды

Вьетнамда су тасқыны 55 адамның өмірін қиды

Вьетнамның орталық аймақтарында қатты жаңбыр мен су тасқынынан қаза тапқандардың саны 55-ке жетті. Тағы 13 адамның тағдыры белгісіз болып қалуда. Бұл туралы елдің бөгеттер мен табиғи апаттардың алдын алу департаменті хабарлады.

Су тасқыны салдарынан шамамен 80 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері, соның ішінде мал шаруашылығы алқаптары су астында қалды. Сондай-ақ 3,2 миллионнан астам мал мен құс қырылды.

Қазіргі уақытта 28,4 мыңнан астам үй су астында қалып, 946 үй толығымен зардап шекті. Департаменттің мәліметінше, табиғи апат салдарынан келген экономикалық шығын 9 триллион донгты (яғни, шамамен 358 миллион АҚШ долларын) құрайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Вьетнамда су тасқыны 55 адамның өмірін қиды