Әлемдегі ең таза қала қайсы деп ойлайсыз? Нәтиже сізді таң қалдырады

Radical Storage компаниясы саяхатшылар қалдырған пікірлер мен рейтингтерге сүйене отырып, әлемдегі ең таза қалалардың тізімін жариялады. Зерттеу нәтижелері бойынша Польшаның екінші ірі қаласы - Краков ең таза және ең жайлы қала ретінде бірінші орынды иеленді.
Туристердің 98,5 пайызы Краковты өте таза, ыңғайлы және жағымды қала деп бағалаған. Қызықты жайт - Польшаның тағы бір қаласы, Ваша (97,8%) да үздік бестікке кірді.
Әлемдегі ең таза қалалар (Топ-10)
- Краков, Польша - 98,5%
- Шарджа, БАӘ - 98,0%
- Сингапур - 97,9%
- Варшава, Польша - 97,8%
- Доха, Қатар - 97,4%
- Эр-Рияд, Сауд Арабиясы - 96,9%
- Прага, Чехия - 96,4%
- Маскат, Оман - 96,4%
- Дубай, БАӘ - 96,3%
- Фукуока, Жапония - 96,3%
Бұған дейін Radical Storage ең лас туристік қалалардың тізімін жариялаған болатын. Оның айтуынша, антирейтингтің басында Будапешт, Рим және Лас-Вегас ең лас қалалар ретінде тіркелген.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз