date

Британиядағы «ғасыр індеті» қаупі: Туберкулезге шалдығу күрт өсті

Британиядағы «ғасыр індеті» қаупі: Туберкулезге шалдығу күрт өсті

Ұлыбританияда туберкулезге (құрт ауруы) қатысты жағдай күрделеніп барады. Daily Express басылымының Денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, 2022 жылдан бері елде ауруға шалдыққандар саны 25 пайызға артқан.

Соңғы жылдардағы ауру динамикасы төмендегідей:

- 2024 жылы: 5 480 жағдай (ең жоғары көрсеткіш);

- 2025 жылы: 5 424 жағдай тіркелген.

Мамандар әсіресе Англияның солтүстік-шығыс аймақтарындағы жағдайдың өте алаңдатарлық екенін ескертуде.

Суррей университетінің бактериология бойынша сарапшысы Сьюзи Хингли-Уилсонның айтуынша, аурудың көбеюінің басты себептерінің бірі — диагноз қою және емдеуді бастау мерзімінің ұзарып кетуі. Адам бойында белгілер пайда болған сәттен бастап дәрігерге көрініп, ем алғанға дейінгі уақыт аралығы ұзарған. Бұл инфекцияның қоғам арасында бұрынғыдан да кеңірек таралуына жағдай жасауда.

Сарапшылар сондай-ақ аурудың өршуін халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуімен байланыстырады.

Джозеф Роунтри қорының есептеуінше, қазіргі уақытта Ұлыбританияда шамамен 14,2 миллион адам кедейшілік шегінен төмен деңгейде өмір сүріп жатыр. Төмен тұрмыс деңгейі мен мұқтаждық туберкулез сияқты әлеуметтік аурулардың тамыр жаюына негізгі себеп болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Британиядағы «ғасыр індеті» қаупі: Туберкулезге шалдығу күрт өсті