date

Исламабадтағы мешітке теракт: ИШИМ жауапкершілікті өз мойнына алды

Исламабадтағы мешітке теракт: ИШИМ жауапкершілікті өз мойнына алды

Ислам мемлекеті (ИШИМ) лаңкестік ұйымы Пәкістан астанасы Исламабад қаласында орналасқан мешітте болған және 30-дан астам адамның өмірін қиған қанды шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алғанын мәлімдеді.

Бұл туралы ABC News басылымы ИШИМ-ге жақын Amaq News Agency дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Мәлім етілгендей, шабуыл жасаған адам мешіт аумағына жетіп, оны негізгі қақпа алдында тоқтатуға тырысқан күзетшілерге оқ атқан. Осыдан кейін ол өзіне байланған жарылғыш заттар салынған белдікті жарып жіберген.

Айта кетейік, лаңкестік шабуыл кеше болған. Салдарынан қаза тапқандардан бөлек, жарылыс салдарынан тағы 169 адам түрлі дәрежеде жарақат алды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Исламабадтағы мешітке теракт: ИШИМ жауапкершілікті өз мойнына алды