date

Таиландта мысық обасынан 72 жолбарыс қайтыс болды

Таиландта мысық обасынан 72 жолбарыс қайтыс болды

Таиландта мысық обасының таралуы салдарынан 72 жолбарыс қайтыс болды, деп хабарлады The Independent басылымы. Оқиға елдің солтүстігінде орналасқан Чианмай провинциясындағы туристік саябақта тіркелген.

Айтуынша, бұл аймақта мысық обасы деп аталатын панлейкопения ауруы өршіп тұр. Мамандардың айтуынша, бұл инфекция жануарлардың ас қорыту жүйесіне және иммунитетіне ауыр зиян келтіреді.

Жағдайға байланысты саябақтар жұмысын уақытша тоқтатты. Тірі қалған жолбарыстар ерекше бақылауға алынып, карантинге жатқызылып, толық вакцинацияланды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Таиландта мысық обасынан 72 жолбарыс қайтыс болды