date

"Эль Менчоның" денесі алтын табытпен зиратқа әкелінді

"Эль Менчоның" денесі алтын табытпен зиратқа әкелінді

Мексиканың "Халиско жаңа ұрпақ картелі" басшысы, "Эль Менчо" лақап атымен танымал Рубен Осегера Сервантестің денесі Халиско штаты Сапопан муниципалитетіндегі зиратқа алтын табытпен жеткізілді, деп хабарлады El Universal газеті.

Белгілі болғандай, қаралы кортеж 2 март күні Халиско штатының астанасы Гвадалахара қаласындағы жерлеу бюросынан жолға шыққан. Зиратқа жеткенде катафалкті оркестрдің шығарып салғаны айтылады.

Жерлеу рәсімі жабық түрде өтті. Басылым мәліметінше, мәйітті тасымалдау және жерлеу үдерісі күшейтілген қауіпсіздік шараларымен бірге жүзеге асырылған.

Кортеж бағыты мен "Resinto de la Pas" зиратының аумағы федералды және аймақтық күш құрылымдарының қызметкерлерімен қорғалған. Сондай-ақ, жерлеу бюросының алдында әскерилер мен бронетехника кезекшілік еткені айтылған.

Айта кетейік, Мексиканың Ұлттық қорғаныс министрлігі 22 февральда "Халиско жаңа ұрпақ картелінің" басшысы Рубен Осегера Сервантестің жойылғанын жариялаған еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » "Эль Менчоның" денесі алтын табытпен зиратқа әкелінді