date

Эквадорда "террористік" деп тіркелген топтар нысанаға алынды

Эквадорда "террористік" деп тіркелген топтар нысанаға алынды

АҚШ пен Эквадор әскері Эквадор аумағында есірткі картельдеріне қарсы бірлескен әскери операцияларды бастады. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Оңтүстік қолбасшылығы мәлімдеді.

Қолбасшылықтың X парақшасында жарияланған хабарламаға сәйкес, 3 март күні АҚШ пен Эквадор қарулы күштері Эквадорда "террорлық ұйым" ретінде тіркелген құрылымдарға қарсы іс-қимылдарға кіріскен. Мәлімдемеде бұл іс-әрекеттер Латын Америкасы мен Кариб бассейні серіктестерінің есірткі терроризміне қарсы күрестегі ынтымақтастығын көрсететінін атап өтті.

Ресми ақпаратта операциялардың ауқымы мен нақты бағыттары туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілмеген. Сонымен қатар, қолбасшылық бұл әрекеттерді аймақтағы қауіпсіздік ынтымақтастығының мысалы ретінде көрсетті.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ Венесуэла, Колумбия және Мексикадағы есірткі картельдеріне қарсы түрлі операциялар жүргізгені туралы хабарланған болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Эквадорда "террористік" деп тіркелген топтар нысанаға алынды