date

Әзірбайжанда дрондардың әуежай мен мектеп маңына қонғаны айтылды

Әзірбайжанда дрондардың әуежай мен мектеп маңына қонғаны айтылды

5 наурызда Әзербайжанның Нахичеван автономиялық республикасының аумағына дрондармен шабуыл жасалғаны хабарланды. Мәліметтерге қарағанда, ұшқышсыз аппараттар Иран аумағынан ұшырылған.

Хабарламаларға қарағанда, дрондардың бірі Нахичеван халықаралық әуежайының терминал ғимаратына құлап, жарылған. Екінші аппарат Бабек ауданындағы Шекерабад ауылындағы мектептің маңына түскені айтылады.

Оқиға салдарынан әуежай ғимараты зақымданып, екі бейбіт тұрғын жарақат алды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем бригадалары жұмылдырылды.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі бұл шабуылды қатаң айыптап, оны халықаралық құқық нормаларына қайшы деп бағалады. Осыған байланысты Иранның Бакудегі елшісі министрлікке шақырылды.

Баку Тегераннан оқиғаға түсініктеме беруді және мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті. Сонымен қатар, Әзербайжан қажет болған жағдайда жауап беру құқығын сақтап қалатынын білдірді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Әзірбайжанда дрондардың әуежай мен мектеп маңына қонғаны айтылды