Трамп мұнайдың қымбаттауын бейбітшілік үшін кішігірім төлем деп атады

АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы қақтығыстан кейін мұнай бағасының күрт өсуіне қатысты пікір білдірді. Ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл жағдайды қауіпсіздік пен бейбітшілік жолындағы "өте аз төлем" деп бағалады.
Трамптың айтуынша, Иранның ядролық қаупі жойылғаннан кейін мұнай бағасының осы қысқа мерзімді өсуі де тез арада төмендейді. Оның пікірінше, орын алған қымбаттау АҚШ пен бүкіл әлемнің қауіпсіздігімен салыстырғанда үлкен мәселе емес.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі, 9 март күні базарлардың ашылуымен Brent маркалы мұнай фьючерстері шамамен 20%-ға қымбаттап, баррелі 111,04 долларға жетті. Сонымен қатар, WTI маркалы мұнай бағасы да 16,8%-ға көтеріліп, 106,17 долларға жетті. Салыстыру үшін, 28 февральға дейін мұнайдың бір баррелі шамамен 70 доллар болған.
Сараптамаға сәйкес, базардағы негізгі алаңдаушылық Ормуз бұғазының ұзақ уақытқа жабылып қалу ықтималдығына байланысты. Өйткені әдеттегі жағдайда әлемдегі мұнай көлемінің шамамен 20 пайызы дәл осы дәліз арқылы тасымалданады. Сонымен қатар, Катар сұйытылған табиғи газының негізгі бөлігі осы аумақ арқылы өтеді.
Айтуынша, бұл 2022 жылдың февраль айында Ресейдің Украинаға кең ауқымды басып кіруінен кейінгі кезеңдегі мұнай бағасының ең күрт өсуінің бірі болды. Сол кезде де әлемдік нарықтағы мұнай бағасы 100 доллардан әлдеқайда жоғары көтерілді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!