date

Вашингтонда Трамп пен Эпштейннің мүсіні орнатылды

Вашингтонда Трамп пен Эпштейннің мүсіні орнатылды

АҚШ астанасы Вашингтонда ерекше өнер инсталляциясы пайда болды. CBS News хабарлауынша, белгісіз біреулер АҚШ Конгресінің алдына президент Дональд Трамп пен қаржыгер Джеффри Эпштейннің мүсінін орнатқан.

Мәліметтерге қарағанда, мүсін әйгілі "Титаник" фильмінің сахнасына ұқсас жасалған. Инсталляция алтын түске боялған, онда Трамп Эпштейнді артынан құшақтап тұр.

Бұл өнер туындысы аз уақыт ішінде жұртшылықтың назарын аударды. Мүсінді кім орнатқаны әзірге белгісіз.

Әзірге ресми органдар бұл инсталляцияға қатысты егжей-тегжейлі түсініктеме берген жоқ. Соған қарамастан, ол әлеуметтік желілерде түрлі пікірталастар мен талқылауларға себеп болуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Вашингтонда Трамп пен Эпштейннің мүсіні орнатылды