date

Ресей Иранға гуманитарлық көмек жіберуді бастады

Ресей Иранға гуманитарлық көмек жіберуді бастады

Ресей Иранға гуманитарлық көмек жіберу жұмыстарын бастады. Бұл туралы Ресей СІМ өкілі Мария Захарова мәлімдеді.

Иран басшылығы көптеген ауруханалар мен жедел жәрдем станцияларының қирауы, сондай-ақ жараланғандар санының, соның ішінде әйелдер мен балалар санының артуына байланысты достас елдерден көмек сұрады. Осы орайда Тегеран Ресейден дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды жеткізуді сұрады.

Захарованың айтуынша, Ресей президентінің тапсырмасымен бұл көмекті жөнелту жұмыстары ұйымдастырылуда.

Мәскеу Таяу Шығыстағы қақтығыстың бақылаусыз кеңеюіне қатты алаңдаушылық білдірді. Ресей тарапы АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери қимылдары бүкіл аймақтағы жағдайды қиындатқанын атап өтті.

Содырлардың әрекеттері Парсы шығанағы маңындағы бірқатар араб мемлекеттерінің тұрғындарына ауыр гуманитарлық зардаптар әкелгені айтылды.

Ресей СІМ мәлімдемесінде экологиялық және радиологиялық апат қаупін болдырмау үшін әскери қимылдарды тоқтатып, мәселені дипломатиялық жолмен шешу қажеттігі баса айтылған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ресей Иранға гуманитарлық көмек жіберуді бастады