date

Тарихта алғаш рет: доллар купюраларына Трамптың қолтаңбасы қойылады

Тарихта алғаш рет: доллар купюраларына Трамптың қолтаңбасы қойылады

АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметінше, ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай шығарылатын жаңа доллар купюраларына президент Дональд Трамптың қолы қойылады. Осылайша, тарихта алғаш рет қазіргі президенттің қолы Америка банкноттарында көрініс тапты.

Осы уақытқа дейін барлық купюраларда дәстүрлі түрде тек қаржы министрінің қолы болған. Жаңа қаулымен қазынашы қолтаңбасы алынып тасталады және бұл өзгеріс 165 жыл ішінде алғаш рет орын алады.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, жаңа қол қойылған алғашқы 100 долларлық купюралар осы жылдың июнь айында басып шығарылады деп жоспарлануда. Кейін бұл өзгеріс басқа банкноттарға да қолданылады.

Бұл жаңалық АҚШ валютасы тарихындағы маңызды өзгеріс ретінде бағаланып, коллекторлар мен қаржы саласындағы мамандардың назарын аударуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Тарихта алғаш рет: доллар купюраларына Трамптың қолтаңбасы қойылады