Иранның V1 көпіріне шабуыл: 13 адам қаза тапты

Тегеран мен Карадж қалаларын байланыстыратын Иранның V1 көпіріне жасалған шабуыл салдарынан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті. Бұл хабарды Иранның Mehr ақпарат агенттігі растады.
Бейсенбі күні бұқаралық ақпарат құралдары V1 көпіріне АҚШ пен Израиль тарапынан жасалған соққы туралы хабарлады. Сол кезде Tasnim ақпарат агенттігі сегіз адамның қаза тапқанын және 95 адамның жарақат алғанын хабарлады.
Mehr агенттігінің хабарлауынша, шабуыл салдарынан 13 адам қаза тапқан, оқиғаға қатысты ресми тексерулер жалғасуда.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз