Иран шабуылдар салдарынан қаза тапқандар санын жариялады

Иран билігі АҚШ пен Израиль жасаған қарулы шабуылдар салдарынан қаза тапқандар санын жариялады. Мәліметтерге сәйкес, қақтығыс кезінде ел бойынша 3 мыңнан астам адам қаза тапқан.
Иранның Сот медицинасы ұйымының басшысы Аббас Масжади қаза тапқандардың шамамен 40 пайызының денесі танымастай күйде болғанын айтты. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
Соған қарамастан, сот-медицина мамандары заманауи әдістерді қолдана отырып, мәйіттердің жеке басын анықтап, оларды жақындарына тапсырды. Бұл жағдай қақтығыстың ауыр зардаптарын тағы бір рет көрсетеді.



















Пікірлер 0
…