date

Испания премьер-министрі отбасы айналасындағы жемқорлық ісі күшейіп келеді

Испания премьер-министрі отбасы айналасындағы жемқорлық ісі күшейіп келеді

Испания Премьер-министрі Педро Санчестің жұбайы Бегонья Гомес екі жылға созылған тергеуден кейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты бірқатар ауыр айыптаулармен бетпе-бет келді. Бұл туралы 13 сәуір, дүйсенбі күні AFP агенттігі хабарлады.

Сот құжатына сәйкес, 55 жастағы Гомес заңсыз ықпал ету, бизнес саласындағы жемқорлық әрекеттер, мемлекеттік қаражатты иемдену және ысырап ету баптары бойынша айыпталуда. Оған қатысты бастапқы тергеу 2024 жылдың сәуір айында судья Хуан Карлос Пейнадоның бастамасымен басталған.

Тергеудің негізгі назарында Бегонья Гоместің жеке жобасы — Мадридтегі Комплутенсе университетінде құрылған “Бәсекеге қабілетті әлеуметтік трансформация” кафедрасы болды. Мамандардың пікірінше, атауы мен мазмұны түсініксіз бұл кафедра нақты қажеттіліксіз ашылған, сондай-ақ оны құру барысында университет басшылығына қысым жасалғаны да айтылуда. Кейін бұл жоба “ғылыми да, практикалық та құндылығы жоқ” деп танылып, жабылған.

2024 жылдың қазан айында тергеу кеңейтілді. Бұған оңшыл бағыттағы Hazte Oír ұйымы берген талап-арыз себеп болып, онда Гоместің Мадрид Комплутенсе университетіне тиесілі бағдарламалық ресурстарды заңсыз иемденді деген күдік айтылған.

Сонымен қатар, мемлекеттік жалақы алатын қызметкер Кристина Альваресті өзінің жеке бизнес жобаларында көмекші ретінде заңсыз пайдаланғаны туралы да айып тағылуда.

Бегонья Гомес те, премьер-министр Педро Санчес те барлық айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығаруда. Санчес бұл тергеуді үкіметіне қысым көрсету және саяси тұрақсыздық тудыру мақсатындағы оңшыл оппозицияның науқаны деп атады.

AFP агенттігінің хабарлауынша, премьер-министрдің айналасындағы сыбайлас жемқорлық ісі оған түсіп жатқан саяси қысымды күшейтіп отыр, ал оппозиция оның отставкаға кетуін талап етуді жалғастыруда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Испания премьер-министрі отбасы айналасындағы жемқорлық ісі күшейіп келеді