date

Meta жасанды интеллект дәуірінде ауқымды қысқартуларды бастайды

Meta жасанды интеллект дәуірінде ауқымды қысқартуларды бастайды

Meta компаниясы 20 мамыр күні қызметкерлерді кең ауқымда қысқарту жоспарын жүзеге асыруы мүмкін. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі үш тәуелсіз дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Дереккөздердің бірі мәлім еткендей, бастапқы кезеңде компанияның жалпы қызметкерлерінің шамамен 10 пайызы, яғни 8 мыңға жуық маман жұмыстан босатылады деп күтілуде. Келесі кезеңдердегі қысқартулар жасанды интеллект технологияларының даму қарқыны мен компания стратегиясына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

Meta ресми өкілдері бұл мәліметтерге қатысты әзірге түсініктеме беруден бас тартты.

Атап өтілгендей, қызметкерлер санын азайту туралы шешімдер жасанды интеллектті пайдаланудың артуымен және жұмыс процестерін автоматтандыру нәтижесінде тиімділіктің артуымен байланысты.

Компания басшылығы болашақты аз адам ресурстарына және көбірек ЖИ технологияларына негізделген басқару моделінен көріп отыр.

Meta бұған дейін де ірі қысқартулар жүргізген: төрт жыл бұрын 11 мың қызметкер жұмыстан босатылса, 2023 жылы Марк Цукерберг тағы 10 мың адамды қысқарту туралы жариялаған болатын.

2025 жылы компания Scale AI стартапына шамамен 15 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйды. Financial Times бұл қадамды жасанды интеллект саласындағы ең ірі инвестициялардың бірі ретінде бағалады.

Қазіргі тренд айқын: ЖИ дамып келеді, штаттар қысқаруда. Бұл IT әлемінде жаңа «нормаға» айналып барады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Meta жасанды интеллект дәуірінде ауқымды қысқартуларды бастайды