Қытайлық 14 жасар оқушы үй жағдайында реактивті қозғалтқыш жасап шығарды

Қытайда 14 жастағы жасөспірім Че Цзиньгань үй жағдайында нағыз авиациялық қозғалтқыш құрастырып, көпшілікті таңғалдырды. Бұл туралы Oddity Central басылымы хабарлады.
Мәлім болғандай, оның авиацияға деген қызығушылығы бала кезінде қағаз ұшақтар жасаудан басталған. Кейіннен бұл әуестік ғылыми ізденіске ұласып, жасөспірім аэродинамика мен инженерия бағыттарын өз бетінше терең меңгеруге кіріскен.
Че Цзиньгань дайын сызбаларды қолданбай, жобаны нөлден бастап қолға алған. Ол бөлшектерді өзі жобалап, 2D және 3D модельдерін жасаған, сондай-ақ ауа ағыны мен қысым сияқты күрделі есептеулерді жүргізген.
Қозғалтқыш үстіндегі жұмыс шамамен 8 айға созылып, жобаға 8–9 мың юань көлемінде қаражат жұмсалған. Алғашқы сынақ сәтсіз аяқталғанына қарамастан, жасөспірім ізденісін тоқтатпаған.
Қазіргі уақытта ол қозғалтқыштың жетілдірілген нұсқасын жасаумен айналысуда. Оның айтуынша, сәтсіздік – тәжірибе жинақтаудың маңызды бөлігі және бұл оны бұдан да үлкен мақсаттарға жетелейді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!