date

Сеулдегі өзбекстандық бойжеткеннің қазасына байланысты елшілік ресми мәлімдеме жасады

Сеулдегі өзбекстандық бойжеткеннің қазасына қатысты елшілік ресми мәлімдеме жасады

Оңтүстік Кореяда қайтыс болған өзбекстандық Ким Нозима Акмалқызының өліміне қатысты тараған түрлі расталмаған ақпараттардан соң, Өзбекстанның Сеулдегі елшілігі ресми мәлімдеме жасады. Қазіргі уақытта бұл жағдай құқық қорғау органдарының бақылауымен зерттелуде.

Елшіліктің мәліметінше, оқиға болған күннен бастап Корея полициясымен тығыз іс-қимыл орнатылған. Тергеу процесінің объективті әрі толық жүргізілуі үшін барлық шаралар қабылдануда.

Осы мақсатта марқұмның анасы Феруза Алимбекова Кореяға шақырылып, онда ресми кездесулерге қатысты. 14 сәуір күні Пхёнтхэк қаласында полиция, адвокат және елшілік өкілдерінің қатысуымен келіссөздер өткізілді.

Онда тергеудің алдын ала нәтижелері мен қосымша тексерулер туралы егжей-тегжейлі мәлімет берілді. Корея тарапының қорытындысына сәйкес, өлім жағдайында кісі өлтіру белгілері анықталмаған.

Тереңдетілген талдаулар, соның ішінде сот-медициналық сараптама нәтижелеріне сүйене отырып, өлімнің ықтимал себебі өз-өзіне қол жұмсау ретінде тіркелгені айтылды.

Тексеру барысында ДНҚ, қан және саусақ іздеріне талдау жасалды, сондай-ақ денеден улану немесе күшті физикалық әсер ету іздері табылмаған. Оқиға орны мен медициналық мекемелердегі бейнебақылау камераларының материалдары да отбасына көрсетілді.

Полиция әлеуметтік желілерде тараған кейбір суреттердің ресми тергеуге қатысы жоқ екенін және оларды тарату заң бұзушылық болып табылатынын атап өтті.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Өзбекстан елшілігі жағдайды бақылауда ұстап отыр және Корея тарапымен ынтымақтастықты жалғастыруда. Азаматтардан расталмаған мәліметтерге сенбеу сұралды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Сеулдегі өзбекстандық бойжеткеннің қазасына байланысты елшілік ресми мәлімдеме жасады