date

Ливия жағалауында қайықтарда қалып қойған жүздеген мигрант құтқарылды

Ливия жағалауында теңіздегі қайықтарда қалған жүздеген мигрант құтқарылды

Ливия жағалауында теңізде қауіпті жағдайға тап болған жүздеген мигрант құтқарылды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Мәлім болғандай, елдің ұлттық армиясының жағалау күзеті қызметі теңізде қиын жағдайда қалған 10 қайықтан кем дегенде 404 мигрантты қауіпсіз жерге шығарды.

Тобрук қаласындағы Қызыл Жарты ай қоғамының еріктілері құтқарылған түрлі ұлт өкілдеріне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жылы киім және азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Қазіргі уақытта Ливия Африкадан Еуропаға өтпек болған мигранттар үшін негізгі транзиттік аймақтардың бірі болып отыр. Бұған дейін осы аймақ маңында қайықтың аударылуы салдарынан қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендер туралы да хабарланған болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ливия жағалауында қайықтарда қалып қойған жүздеген мигрант құтқарылды