date

Болгариядағы сайлауда Радев коалициясы айқын жеңіске жетті

Болгариядағы сайлауда Радев коалициясы айқын жеңіске жетті

Болгариядағы сайлауда Радев коалициясы айқын жеңіске жетті

Болгарияда өткен мерзімінен бұрын парламенттік сайлауда бұрынғы президент Румен Радев бастаған «Прогрессивті Болгария» коалициясы жеңіске жетті.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, аталған коалицияға сайлаушылардың шамамен 44,7 пайызы дауыс берген. Бұл шамамен 1,44 миллион сайлаушыны құрайды.

Сайлау қорытындысы бойынша ел парламентіне барлығы бес саяси күш өтті. 240 орынның 131-і «Прогрессивті Болгария» коалициясына бұйырып, ол абсолютті көпшілік дауысқа ие болды.

Қалған орындар бірнеше партия арасында бөлінді. Соның ішінде ГЕРБ партиясы 39 мандат, «Өзгерістерді жалғастырамыз — Демократиялық Болгария» блогы 38 мандат иеленді.

Сондай-ақ «Құқықтар мен бостандықтар қозғалысы» және «Қайта өрлеу» партиялары да парламенттен өз орындарын алды.

Румен Радев бұл нәтижені «үміттің сенімсіздікті, ал бостандықтың қорқынышты жеңуі» деп бағалады.

Парламенттің толық құрамы 2026 жылғы 25 сәуірде ресми түрде жарияланады деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Болгариядағы сайлауда Радев коалициясы айқын жеңіске жетті