Түркияда 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілер тыйым салынды

Түркияда 15 жасқа толмаған балалар үшін әлеуметтік желілерді пайдалануды шектеуге бағытталған жаңа заң қабылданды.
Аталған құжатқа сәйкес, платформалар пайдаланушылардың жасын тексеру жүйелерін енгізуі және ата-аналық бақылау құралдарын қамтамасыз етуі міндеттелді.
Сондай-ақ, компаниялардан зиянды деп танылған контентті жедел түрде өшіру немесе шектеу талап етіледі. Бұл туралы AP агенттігі хабарлады.
Президент Режеп Тайип Ердоған бұл шешім балалардың қауіпсіздігі мен жеке деректерді қорғауды күшейту мақсатында қабылданғанын атап өтті.
Хабарланғандай, бұл шешімге жақында Қаһраманмараш қаласында болған қайғылы оқиға — 14 жастағы жасөспірімнің бірнеше адамды өлтіруі себеп болды. Қазір құқық қорғау органдары оның әлеуметтік желілердегі әрекетін де зерттеуде.
Айта кетейік, мұндай шектеулер алғаш рет Австралияда енгізілген, кейін Индонезия да осындай қадам жасаған.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!