date

АҚШ өлім жазасына қойылған шектеудің жойылғанын ресми түрде жариялады

АҚШ өлім жазасына қойылған шектеудің жойылғанын ресми түрде жариялады

АҚШ Әділет министрлігі федералды деңгейде өлім жазасына қойылған шектеудің жойылғанын ресми түрде жариялады.

Мәлім етілгендей, Джо Байден тұсында енгізілген мораторий тоқтатылып, енді ең ауыр қылмыстар үшін жазаның бұл түрін белсендірек қолдану жоспарлануда.

Жаңа тәртіпке сәйкес, бұрын қолданылған өлім инъекциясы хаттамасы қайта енгізіледі. Сонымен қатар, қосымша жаза әдісі ретінде ату арқылы өлім жазасын кесу де қосылып отыр.

Әділет министрлігінің өкілдері заң аясында шығарылған өлім жазасы үкімдерін орындау міндеті қалпына келтірілгенін атап өтті.

Енді барлық апелляциялық және шағымдану кезеңдерінен өткен сотталушыларға қатысты өлім жазасын жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады.

Сондай-ақ, істерді қарауды жеделдету үшін ішкі тәртіптер де жетілдірілетіні айтылуда.

Мәлімет үшін, 2025 жылғы қаңтарда Дональд Трамп федералды деңгейде өлім жазасын қайта жандандыру туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » АҚШ өлім жазасына қойылған шектеудің жойылғанын ресми түрде жариялады