date

Австралиядағы Роттнест аралында квоккалардың мейрамханаға кіруіне тыйым салынды

Австралияда Роттнест аралындағы квоккаларға ресторанға кіруге тыйым салынды

Австралияның Роттнест аралында орналасқан ресторандардың бірінде квоккалардың кіруіне ресми түрде тыйым салынды.

Мәлімделгендей, әкімшілік туристер үшін бірнеше тілде ескерту жазуларын орнатқанымен, бұл қағидаларға әрі қонақтар, әрі жануарлар толықтай амал етіп отырған жоқ.

Квоккалар өзінің сүйкімді келбеті арқасында адамдардан тамақ сұрауға үйреніп қалған және жиі ресторан ішіне кіріп барады.

Бұл жағдай тек тәртіпсіздік туғызып қана қоймай, жануарлардың денсаулығы үшін де қауіп төндіріп отырғаны айтылуда.

Мамандар адам тұтынатын тағамдардың квоккалар үшін зиян екенін, олардың ағзасына елеулі теріс әсер ететінін атап өтуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Австралиядағы Роттнест аралында квоккалардың мейрамханаға кіруіне тыйым салынды