date

Трамп қатысқан іс-шарада атыс ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Трамп қатысқан іс-шарада атыс ұйымдастырған күдікті ұсталды

АҚШ президенті қатысқан іс-шарада болған атыс оқиғасынан кейін күдікті ұсталды.

CBS News мәліметіне қарағанда, 31 жастағы Коуэл Аллен тергеу барысында Ақ үй әкімшілігі мүшелеріне қарсы шабуыл ұйымдастыруды жоспарлағанын мойындаған.

Алайда оның президентке тікелей оқ ату ниеті болған-болмағаны туралы нақты ақпарат берілмеген.

Мәлім етілгендей, ол Вашингтондағы Washington Hilton қонақүйінде өткен іс-шараға қатысушы ретінде кірген.

Құқық қорғау органдарының мәліметіне қарағанда, күдіктінің қолында тапанша және бірнеше пышақ болған.

Ол жалғыз әрекет еткен және іс-шара өтіп жатқан залдың кіреберісінде бірнеше рет оқ атқаны хабарланып отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Трамп қатысқан іс-шарада атыс ұйымдастырды деген күдікті ұсталды