Жапонияда 3,2 млн долларлық тунец балығы рекорд орнатты

Жапонияның «Kiyomura Corp.» компаниясы 2026 жылдың алғашқы аукционында көк тунец балығы үшін 510,3 млн иен (шамамен 3,2 млн доллар) төлеп, Гиннестің рекордтар кітабына енді. «Sushizanmai» ресторандар желісін басқаратын бұл компания Kyodo агенттігінің хабарлауынша, Токио базарындағы саудада жеңімпаз атанды.
Бұл туралы Inform.kz хабар береді.
Салмағы 243 кг болатын балық Аомори префектурасы жағалауында ұсталған. Сауда 5 қаңтар күні Токиодағы Тойосу базарында өтті.
Сатып алынған тунец Сюкидзи ауданындағы желінің бас мейрамханасында бөлшектеліп, бүкіл Жапония бойынша клиенттерге ұсынылды.
«Kiyomura» президенті Киоси Кимура 20 сәуір күні Гиннес сертификатын қабылдап алды. Басшының айтуынша, компания алдағы уақытта да өз клиенттеріне ең жоғары сапалы өнімдерді ұсыну ниетінде екенін айтты.
Бұл компания үшін екінші әлемдік рекорд. 2013 жылы да «Kiyomura» жылдың алғашқы аукционында 155,4 млн иенге балық сатып алып, рекорд орнатқан еді.
Токио билігінің мәліметінше, қазіргі баға 1999 жылдан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш болды.
Жылдың алғашқы саудасында жоғары баға ұсыну Жапонияда жақсы нышан әрі өзін танытудың өзіндік тәсілі саналады. Тойосу базарындағы осы үдерісті бақылау көптеген туристер үшін көпшілікке танымал ойын-сауыққа айналған.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!