date

Трампқа қастандық жасамақ болған адамға айып тағылды

Трампқа қастандық жасамақ болған адамға айып тағылды

АҚШ-та мұғалім болып жұмыс істеген Коул Алленге Президент Дональд Трампқа қастандық жасауға әрекеттенді деген айып тағылды. Бұл туралы BBC басылымы хабарлады.

Мәліметтерге сәйкес, ол сондай-ақ қылмыс жасау кезінде атыс қаруын қолдану және ауыр қылмыс жасау мақсатында қаруды штаттар арасында тасымалдау сияқты баптар бойынша да айыпталуда. Осы айыптар аясында оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.

Егер сот оны Президентке қастандық жасауда кінәлі деп тапса, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Қазіргі уақытта Аллен барлық айыптарды жоққа шығаруда.

Прокуратура берген мәліметтерге қарағанда, ол шабуыл жасау мақсатында бірнеше штаттың аумағын кесіп өткен. Оның жанынан 12 калибрлі помпалы мылтық, үш пышақ және басқа да қару-жарақтар табылды.

Еске сала кетейік, аталған оқиға 26 сәуірге қараған түні Washington Hilton қонақ үйінің банкет залында болған. Калифорнияда тұратын 31 жастағы мұғалім Аллен қонақ үйден бөлме брондап, залдың кіреберісінде АҚШ Құпия қызметінің қызметкеріне оқ жаудырған.

Ол оқиға орнында ұсталды.

Кейінірек Трамп бұл шабуылдың Иранмен байланысты болмауы мүмкін екенін мәлімдеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Трампқа қастандық жасамақ болған адамға айып тағылды