date

БАҚ: Ресей сарбаздарының каннибализмге қатысы бар деген шулы мәлімдемелер таралуда

БАҚ: Ресей сарбаздары арасындағы каннибализм туралы шулы мәлімдемелер таралуда

Ресей армиясында туындаған азық-түлік тапшылығы салдарынан каннибализм, яғни адамның немесе жануардың өз түріне жататын басқа индивидті жеуімен байланысты жағдайлар тіркелгені туралы ақпараттар тарады. Бұл туралы «The Sunday Times» басылымы хабарлады.

Мәліметтерге сәйкес, Украинаға басып кіруге қатысқан кейбір ресейлік әскерилер азық-түлік тапшылығына байланысты каннибализмге баруға мәжбүр болған. Басылым бұл ретте Украина әскери барлауы ұсынған материалдарға, соның ішінде фотосуреттер мен ресейлік офицерлер арасындағы онға жуық аудиожазбаларға сүйенген.

Сондай-ақ, мәліметтерде өз әріптестерін жеген кем дегенде бес жағдай туралы сөз болады.

Атап өтілгендей, оқиғалардың бірі 2025 жылғы қараша айында Донецк облысының Мирноград аумағында орын алған. Келтірілген дәлелдерге сәйкес, 95-жеке гвардиялық мотоатқыштар бригадасының 51-полкінде қызмет еткен «Чолок» (Ақсақ) шақыру белгісі бар жаяу әскер екі әріптесін өлтіріп, олардың бірінің аяғын жеуге әрекеттенген.

Бұл туралы белгісіз офицер бригада барлау батальоны командирінің орынбасары Владислав Разиковқа Telegram арқылы хабарлама жіберген. Ол сондай-ақ дәлел ретінде суреттерді, соның ішінде кесілген аяқтың фотосуретін де ұсынған.

Айтылуынша, бұл кескіндер арнайы бағдарламалар көмегімен талданған. Суретті қарап шыққан тәуелсіз әскери хирургтың пікірінше, жарақаттар ұрыс кезінде емес, өткір затпен кесу нәтижесінде келтірілген болуы мүмкін.

Қолда бар аудиохабарламаларда офицер адам етін жеуге тырысқан сарбаздың подвалдан табылғанын хабарлаған. Оның айтуынша, сарбазды қолға түсіруге тырысқан уақытта ол оқ жаудырып, сол жерде көзі жойылған.

Бұдан бөлек, офицер өз қарамағындағы әскерилердің аштық пен қатты қажудан зардап шегіп жатқанын да айтқан. Басқа жазып алынған сөйлесулерде де каннибализм жағдайлары тілге тиек етілген.

Соның ішінде, өткен жылғы сәуір айында «Мост» шақыру белгісі бар сарбаз командиріне адам етін жеген әріптесі туралы шағымданған.

Сондай-ақ, 2025 жылғы қазан айында 1437-мотоатқыштар полкінің командирі де осындай жағдайда қол астындағы қызметкерін айыптап, «адам етін жеуді» тоқтатуды талап еткені мәлімделген.

Тағы бір хабарламада 55-мотоатқыштар бригадасының басшысы алкоголь мен есірткі заттарымен қатар каннибализмге қатаң тыйым салатын бұйрық шығарғаны айтылады.

Украина тарапы да қолға түскен ресейлік сарбаздардың азық-түлік жетіспеушілігіне шағымданып жатқанын білдірген. Сондай-ақ, АҚШ Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы капитаны Брэдли Мартин Ресей армиясында жабдықтаумен байланысты мәселелер туралы мәліметтер сенімді болуы мүмкін екенін атап өтіп, әскерлерді қамтамасыз ету Ресей қолбасшылығы үшін басым міндет емес екенін алға тартқан.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » БАҚ: Ресей сарбаздарының каннибализмге қатысы бар деген шулы мәлімдемелер таралуда