date

Оңтүстік Судандағы ұшақ апатынан барлық жолаушы қаза тапты

Оңтүстік Суданда ұшақ апатынан барлық жолаушылар қаза тапты

Оңтүстік Суданда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, борттағы барлық 14 адам қаза тапты. Елдің Азаматтық авиация басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға Джуба қаласының маңында болған.

CityLink Aviation компаниясына тиесілі Cessna 208 Caravan ұшағы Ей қаласынан Джубаға бағыт алған болатын. Ұшу басталғаннан кейін шамамен 30 минут өткенде ұшақпен байланыс үзіліп, ол астанадан 20 шақырым қашықтықта құлаған.

Бортта 13 жолаушы және бір ұшқыш болған. Олардың арасында Оңтүстік Суданның 12 азаматы және Кенияның екі азаматы бар.

Ресми мәліметтерге сәйкес, апат салдарынан барлық жолаушылар қайтыс болды.

Алдын ала болжамдар бойынша, қайғылы оқиғаға қолайсыз ауа райы мен көріну деңгейінің төмендігі себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Оңтүстік Судандағы ұшақ апатынан барлық жолаушы қаза тапты