date

Кремльде Путинге қарсы қастандық қаупі күшейгені айтылуда

Кремльде Путинге қарсы қастандық қаупі күшейгені айтылуда

Батыс барлау қызметінің мәліметтеріне сәйкес, Кремльде Владимир Путинге қарсы қастандық ықтималдығына қатысты алаңдаушылық күшейіп келеді.

CNN, Financial Times және «Важные истории» басылымдары келтірген ақпаратқа қарағанда, Еуропалық Одақ елдерінің бірінің есебінде тіпті дрондар арқылы қастандық жасау ықтималдығы да көрсетілген.

Осы жағдайға байланысты Ресей президентінің қауіпсіздігі айтарлықтай күшейтілді.

Федералдық күзет қызметі тексерулерді қатаңдатып, Путиннің қозғалысын шектегені айтылуда.

Мәліметтерге сәйкес, ол қазіргі уақытта негізінен қорғалған ғимараттарда жұмыс істейді және кейбір резиденцияларға баруды қысқартқан.

Сондай-ақ, президентпен жақын қарым-қатынастағы қызметкерлерді бақылау да күшейтілді.

Оларға телефондарды пайдалануға және қоғамдық көлікпен жүруге шектеу қойылғаны атап өтілген.

Есепте кейбір жоғары лауазымды тұлғалар ықтимал қауіп көзі ретінде аталған.

Сарапшылардың пікірінше, күштік құрылымдар арасындағы қайшылықтар да жағдайды одан әрі күрделендіріп отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Кремльде Путинге қарсы қастандық қаупі күшейгені айтылуда