Эпштейннің өлер алдында жазған хатында не туралы айтылған?

АҚШ-та Нью-Йорк федералдық соты марқұм қаржыгер Джеффри Эпштейнге тиесілі делінген хатты жариялады.
Құжатта «Қоштасатын уақытты адамның өзі таңдағаны жақсы» деген мағынадағы сөйлемдер бар екені айтылуда.
Мәлім болғандай, қолжазба хатты Эпштейннің бұрынғы камераласы — кісі өлтірді деп айыпталған бұрынғы полиция қызметкері Николас Тарталоне тапқан.
Судья Кеннет Карас бұл құжатты ашық сот материалдарының қатарына қосу туралы шешім қабылдады.
Сот шешімінде хатты құпия сақтау үшін жеткілікті құқықтық негіз жоқ екені атап өтілген.
Сонымен қатар, сот құжаттың түпнұсқалығына қатысты түпкілікті қорытынды жасамады.
Хатта Эпштейн тергеу барысында өзіне қарсы нақты дәлелдер табылмағанын жазғаны атап өтілген. Оның кейбір өткір және эмоционалды пікірлері қоғамда қайтадан талқы тудыруда.
Сондай-ақ, журналистер Эпштейннің жеке аралында салынған ерекше «мешіт» жобасы туралы жаңа мәліметтерді жариялады.
Мәліметтерге сәйкес, ғимаратта Қағба жамылғысы, Өзбекстаннан әкелінген қыш плиталар және Сирия сәулет өнерінің стильдері қолданылған.




















Пікірлер 0
…