Оңтүстік Корея соты бұрынғы премьер-министрдің жазасын неге қысқартты?

Оңтүстік Кореяның апелляциялық соты бұрынғы премьер-министр Хан Док Судың ісі бойынша жаңа шешім шығарды. Сот оның бас бостандығынан айыру мерзімін 23 жылдан 15 жылға дейін қысқартты.
Бұл іс бұрынғы президент Юн Сок Ёльдің 2024 жылы әскери жағдай енгізуімен байланысты екені айтылуда.
Апелляциялық сот төменгі сатыдағы соттың негізгі тұжырымдарын өз күшінде қалдырды. Атап айтқанда, Хан Док Судың әскери жағдай жариялануына ықпал еткен әрекеттерге қатысқаны атап өтілді.
Сондай-ақ, оның бұрынғы президентті бұл шешімнен қайтару үшін жеткілікті шара қолданбағаны баса айтылды. Тергеу материалдарына сәйкес, бұрынғы премьер-министр министрлер кабинетінің отырысын шақырған.
Сот бұл отырысты әскери жағдайды заңды түрде ресімдеуге бағытталған деп бағалады. Хан Док Су болса, отырыстың мақсаты президенттің әрекетін тоқтату болғанын айтты. Алайда сот бұл уәждерді қабылдамады.




















Пікірлер 0
…