date

Индонезияда жанартау атқылап, туристер қаза тапты

Индонезияда жанартау атқылап, туристер қаза тапты
Фото: Yandex

Бүгін, 8 мамыр күні таңертең Индонезия аумағындағы Дуконо жанартауының атқылауы салдарынан кемінде үш туристің қаза тапқаны хабарланды. Бұл туралы BBC мәлімдеді.

Мамандар бұған дейін туристерді кратер айналасындағы 4 шақырымдық қауіпті аймаққа жақындамау туралы ескерткен болатын. Соған қарамастан, кейбір саяхатшылар 1335 метр биіктіктегі тауға шығуды жалғастырған.

Құтқарушылар атқылаудан кейін хабар-ошарсыз кеткен 20 адамдық топты іздеп, аман қалғандарды тауып, қауіпсіз аймаққа шығарды. Алайда құрбандардың жеке басын анықтау жұмыстары әлі де жалғасуда.

Ресми мәліметтерге сәйкес, кемінде бес адам жарақат алды. Атқылау кезінде жанартаудан 10 шақырым биіктікке дейін күл бағанасы көтерілді. Алғашқы хабарламаларда қаза тапқандар арасында шетелдік туристер, соның ішінде сингапурлықтар бар екені айтылуда.

Мәлім болғандай, Дуконо Индонезиядағы ең белсенді жанартаулардың бірі болып табылады, соңғы айларда жүздеген рет белсенділік байқалған. Қазіргі уақытта ол қауіп деңгейі жоғары аймақ ретінде бақылауда тұр.

Құтқару жұмыстары жалғасуда, ал билік өкілдері оқиғаның егжей-тегжейін анықтау үстінде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Индонезияда жанартау атқылап, туристер қаза тапты