date

Ресейде дрон қаупіне байланысты 13 әуежай жабылды

Ресейде дрон қаупіне байланысты 13 әуежай жабылды
Фото: Yandex

Ресейдің оңтүстік аймақтарында қауіпсіздікке байланысты күрделі жағдай туындады. 8 мамырда Ростов-на-Донудағы аэронавигация қызметіне жақын аумаққа дрон құлауына байланысты елдің оңтүстігіндегі бірқатар әуежайда рейстер уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Meduza хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, «Оңтүстік Ресей аэронавигация компаниясының» әкімшілік ғимараты маңында болған бұл оқиға қауіпсіздік шараларын күшейтуге себеп болды. Нәтижесінде бір уақытта 13 ірі әуежайдың жұмысы уақытша шектелді.

Төмендегі қалалардың әуежайларында ұшу және қону рейстері тоқтатылды:

Сочи, Волгоград, Краснодар, Грозный, Астрахань, Владикавказ, Геленджик, Махачкала, Магас, Минеральные Воды, Нальчик, Ставрополь және Элиста.

Бұл шектеулерге байланысты ондаған әуе рейсі тоқтатылды немесе кейінге шегерілді. Нәтижесінде мыңдаған жолаушы әуежайларда қалып қойды. Росавиация барлық экипаж бен әуе компанияларына уақытша шектеулер туралы ескерту жіберді.

Бұл оқиға Ресейде 9 мамыр — Жеңіс күні қарсаңында болды. Бұған дейін Ресей осы күнге байланысты уақытша бітім жариялаған еді. Алайда Владимир Зеленский бұл бітімге бағынбайтынын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ, ол басқа мемлекет басшыларына үндеу тастап, қауіпсіздік мақсатында 9 мамырда Мәскеуге бармауға кеңес берді. Осы ескертулерден кейін Ресей арнайы қызметтері, әсіресе Владимир Путиннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шараларды күшейткені айтылуда.

Әзірге ресми органдар оқиғаның барлық егжей-тегжейін жариялаған жоқ. Бірақ сарапшылар мұндай дрон оқиғалары аймақтағы шиеленістің артып келе жатқанын көрсететінін атап өтуде.

Рейстердің қашан толық қалпына келетіні әзірге белгісіз. Жолаушыларға сабыр сақтап, ресми ақпарат көздері арқылы жаңалықтарды бақылап отыру ұсынылады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ресейде дрон қаупіне байланысты 13 әуежай жабылды