Францияда хантавирус қаупіне байланысты сегіз адам карантинге алынды

Францияда хантавирус инфекциясына қатысты алаңдаушылықтан кейін сегіз адам карантинге алынды. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, карантинге алынғандардың бірі ұшақта вирус анықталған науқаспен бірге болған. Ер адамда жеңіл симптомдар байқалғанымен, оның тест нәтижесі теріс шықты.
Тағы жеті адам MV Hondius круиздік кемесінен түскен жолаушымен байланыста болған. Қазіргі уақытта олардың барлығы медициналық бақылауда.
Кеме бортында қалған бес Франция азаматы Канар аралдарына жеткеннен кейін 24–48 сағат ішінде Францияға қайтарылатыны хабарланды. Олар елге келген соң тест және қайта тест тапсырады.
Францияның Сыртқы істер министрлігі әзірге бұл азаматтарда қауіпті белгілер байқалмағанын мәлімдеді. Егер ауру белгілері пайда болса, олар арнайы медициналық мекемелерге жатқызылады.




















Пікірлер 0
…