date

Басына мачете қадалған ер адам ауруханада кезек күтті

Басына мачете қадалған ер адам ауруханада кезек күтті

Мумбай қаласында дәрігерлер басына мачете — үлкен пышақ қадалған ер адамның өмірін сақтап қалды. Бұл туралы India Today хабарлады.

Белгілі болғандай, шабуыл кезінде мачете жәбірленуші Рохит Павардың бас сүйегін тесіп өтіп, миына шамамен төрт сантиметрге дейін кіріп кеткен.

Соған қарамастан, ер адам оқиғадан кейін ауруханаға өз бетімен жеткен. Ең таңқаларлығы, ол медициналық көмек күтіп тұрған кезде қарапайым кезекте тұрып, сабырлы түрде телефонын қолданған.

Оқиға 1 мамырға қараған түні Манкхурд ауданында жеке жанжал салдарынан болған. Сион ауруханасының хирургтары жасаған ота арқылы мачете сәтті алынып тасталды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты.

Бір күннен кейін полиция үш күдіктіні қолға түсірді. Олардың барлығы кәмелетке толмағандар екені және арнайы түзету мекемесіне жіберілгені хабарланды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.

Ауруханада түсірілген және Рохит Павардың басында мачетемен телефонмен сөйлесіп отырғаны бейнеленген видео әлеуметтік желілерде тез таралып кетті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Басына мачете қадалған ер адам ауруханада кезек күтті