Ким Чен Ынға қастандық жасалса, армия ядролық жауап қайтарады

Солтүстік Корея Ким Чен Ынға қастандық жасалған немесе елдің басқару жүйесіне қауіп төнген жағдайда автоматты түрде ядролық жауап қайтарылатынын мәлімдеді. Бұл туралы The Telegraph басылымы хабарлады.
Мәлім етілгендей, ел Конституциясына тиісті өзгерістер енгізілген. Жаңа ережеге сәйкес, басшылыққа қауіп төнген жағдайда армия автоматты түрде ядролық соққы беруге міндетті болады.
Хабарламаларда бұл шешім АҚШ пен Израильдің Иран басшылығына қарсы жасаған шабуылдары аясында қабылданғаны айтылған. Пхеньян Ирандағы оқиғалардан кейін «басшылықты жою» тактикасына қарсы қорғанысты күшейтуге тырысып жатқаны атап өтілді.
Сарапшылардың пікірінше, Солтүстік Кореяның ықтимал ядролық жауабы негізінен АҚШ-қа бағытталуы мүмкін. Сондай-ақ Ким Чен Ынның Оңтүстік Корея шекарасы маңына жаңа үлгідегі 155 миллиметрлік өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларды орналастыруды бұйырғаны хабарланды.




















Пікірлер 0
…