Mercedes-Benz Берлиндегі барлық автосалондарын сатқаны белгілі болды

Германияның танымал автокөлік өндірушісі Mercedes-Benz Берлиндегі барлық дилерлік орталықтарын сатқаны белгілі болды. Сатып алушы ретінде Alpha Auto Group басшысы, канадалық кәсіпкер Кулдип Биллан аталуда.
Bild газеті таратқан мәліметтерге сәйкес, келісім Берлиндегі жеті филиалды қамтыған. Бұл орталықтарда шамамен 1500 қызметкер еңбек етіп келген еді.
Дереккөздердің айтуынша, компания болашақта Гамбург, Мюнхен және Рейн-Рур өнеркәсіптік аймағы сияқты ірі қалалардағы дилерлік орталықтарын да сатуды жоспарлап отыр. Бұл шешім шамамен 8 мыңға жуық жұмыс орнына әсер етуі мүмкін екені айтылуда.
Белгілі болғандай, Берлиндегі қызметкерлерге келісім туралы электронды пошта арқылы хабарланған. Оларға ақшалай өтемақыны қабылдау немесе бір жылдық жұмыс қауіпсіздігі кепілдігі нұсқасы ұсынылған. Кейінірек қолданыстағы еңбек шарттарын бұзып, жаңа шарттар жасасу жоспарланған.




















Пікірлер 0
…