Трамп өзінің ықтимал қайтыс болу жағдайына арнап вице-президент Вэнске хат қалдырды

АҚШ президенті Дональд Трамп президенттік мерзімі кезінде төтенше жағдай орын алса, вице-президент Джей Ди Вэнске тапсырылуы тиіс арнайы хат қалдырғаны белгілі болды.
Бұл туралы АҚШ әкімшілігінің өкілі Себастьян Горка New York Post басылымына берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, хат Ақ үйдегі әйгілі Resolute Desk жұмыс үстелінің тартпасында сақталуда.
«Егер Трамппен бір жағдай орын алса, вице-президентке тапсырылатын хат сол жерде тұр», — деп атап өтті Горка. Алайда хаттың мазмұны туралы толық ақпарат берілмеді.
Сондай-ақ, Горка АҚШ шенеуніктері Трампқа қатысты ықтимал қастандық мәселесіне байланысты артық алаңдамайтынын білдірді. Оның айтуынша, елде билік мұрагерлігі бойынша нақты хаттамалар бар және мұндай жағдайларда мемлекеттік басқару үздіксіз жалғастырылады.




















Пікірлер 0
…